Otpan News Logo

Маңғыстау экологтары Бозжырада бас қосты

Маңғыстау экологтары Бозжырада бас қосты

Эколог күніне арналған іс-шаралар аясында Маңғыстау облысында экология саласы мамандарының қатысуымен танымдық экскурсия өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараның екінші күні Батыс өңірлердің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері өңірдің ең көрікті табиғи нысандарының бірі – Бозжыра шатқалына барды.


Экскурсия барысында қатысушылар Бозжыраның қайталанбас ландшафтымен танысып, шатқалдың геологиялық ерекшеліктері, табиғи мұрасы және туристік әлеуеті туралы жан-жақты ақпарат алды. Мамандар өңірдегі табиғи ескерткіштерді сақтау, оларды тиімді пайдалану және экологиялық туризмді дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді де талқылады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәжірибе алмасуға, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.


Бозжыра шатқалы – Маңғыстау өңірінің ең танымал туристік орындарының бірі. Бірегей табиғи келбетімен ерекшеленетін бұл аумақ жыл сайын отандық және шетелдік туристердің қызығушылығын тудырып келеді.


Эколог күніне арналған іс-шаралар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!