Otpan News Logo

Маңғыстаулық оқытушы республикалық кәсіби шеберлік байқауында жеңімпаз атанды

Маңғыстаулық оқытушы республикалық кәсіби шеберлік байқауында жеңімпаз атанды

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Айдын Шарапиев техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауында І орын иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ол құрылыс саласы бойынша ұйымдастырылған байқауда «Әрлеу-құрылыс жұмыстарының шебері» құзыреттілігі бойынша жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігін көрсетіп, үздік деп танылды.


Республикалық конкурс техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!