Otpan News Logo

Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

|
05.06.2026 15:04
Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді Otpan News Logo

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, соңғы 2,5 жылда Каспийге 35 млрд текше метрден астам су құйылған. Оның ішінде рекордтық көрсеткіш – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылғы ауқымды су тасқыны кезінде тіркелді.


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есе артты. 2024 жылға дейін мұндай технологиялар жыл сайын орта есеппен 30 мың гектар алқапқа енгізілсе, 2024 және 2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына 150 мың гектарға жетті.


Мысалы, көршілес Атырау облысында тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісінің арқасында өткен жылы 12,8 млн текше метр су үнемделді.

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!