Otpan News Logo

Маңғыстауда 1300-ден астам өтініш түсті: тұрғындар қандай мәселемен жүгінді?

|
08.10.2026 10:50
Маңғыстауда 1300-ден астам өтініш түсті: тұрғындар қандай мәселемен жүгінді?

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мұхаев айтты.


Есепті кезеңде департаментке тұрғындардан 1300-ден астам өтініш түсті. Өтініштердің көпшілігі сауда жасау, интернет арқылы тауар сатып алу, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және тұрмыстық қызмет көрсету мәселелеріне қатысты болды. Департамент мамандары азаматтардың өтініштерін қарап, олардың құқықтары бойынша кеңес беріп, мәселелерді шешу жолдарын түсіндірді.


Спикердің айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар нақты өтініштерді қараумен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру шараларын да қамтиды. Департамент мамандары кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, тұтынушылармен жұмыс барысында сақталуы тиіс нормалар бойынша ақпарат береді.


- Сауда саласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін сақтау, тауар бағасын дұрыс көрсету және баға туралы ақпараттың тұтынушыға қолжетімді болуы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Облыста сауда инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар да жалғасып келеді. «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасына» енгізілген бес сауда базарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында құрылыс жұмыстары аяқталған «Сити центр», ішкі жұмыстар мен аумақты абаттандыру кезеңіндегі «Жібек жолы» және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан «Асем-Берекет» сауда базарлары бар, - деді Рауан Мұхаев.

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!