Otpan News Logo

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Облыста арнайы орталық жұмыс істейді

|
11.11.2026 09:43
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Облыста арнайы орталық жұмыс істейді

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы брифингте Облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Мадияр Курунбаев айтты.


Спикердің айтуынша, отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған отбасылармен тұрақты жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, қорғау нұсқамаларының талаптарының орындалуы бақылауда болып, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүзеге асырылады.


– Біздің басты міндетіміз – отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы бағытта полиция қызметкерлері әрбір шақыртуға жедел әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық береді. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған отбасылармен тұрақты жұмыс жүргізіледі. Қазіргі таңда облыста 50 жатын орны бар №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар аудандардағы отбасын қолдау орталықтары тұрғындарға қажетті әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді, – деді Мадияр Курунбаев.


Алдағы уақытта профилактикалық жұмыстарды күшейту, отбасыларға мекенжайлық бақылау жүргізу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен отбасындағы қауіп-қатерді ерте анықтау шаралары жалғасады.

34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!