Otpan News Logo

Түпқарағанда бекіре өсіретін балық фермасы салынады

|
11.11.2026 09:39
Түпқарағанда бекіре өсіретін балық фермасы салынады
Ашық дереккөзден

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Түпқараған ауданына қарасты Қызылөзен ауылына барды. Ауыл маңында салынатын бекіре тұқымдас балық өсіру және уылдырық өндіру бағытындағы «RED PEARL» балық фермасының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.


Нысан басында жүрмелі жиын өткізіліп, жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды. Ербол Ізбергенов жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес, белгіленген мерзімде аяқтау қажетін атап өтті.


Швейцариялық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын бұл жоба аясында кешен жылына 100 тоннаға дейін бекіре тұқымдас балық түрлерін бассейн жағдайында өсіріп, 10 тонна көлемінде уылдырық өндіреді.


Аталған жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға бағытталған.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!