Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері референдумға барады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлікжәне қалалық коалициясының мүшелері Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ұжымына Конституцияның жаңа жобасын таныстырды. Спикерлер Алтын Айтуарова, Гүлназ Кожербаева, Рашид Төлеуғалиев жаңа жобада адам құқығының қорғалуы ең басты құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар ұжымға жаңа жобада азаматтардың шығармашылық қабілетін дамытуға еркіндік берілгендігі, ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау негізгі қағидаттардың бірі ретінде Конституциялық деңгейде бекітілгендігін баяндады.
Коалиция мүшелері ұжымға еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін толық түсіндіріп, Конституциялық референдум күні дауыс беруге шақырды.