Otpan News Logo

Алаяқтар алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты айтуды сұрап жатыр

Алаяқтар алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты айтуды сұрап жатыр

Жалған ақпаратпен күрес орталығы азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайтын алаяқтық топтардың әрекеті туралы ескертті. Сонымен қатар кейбір мессенджерлерде өзін онлайн дауыс беруді ұйымдастырушылар ретінде таныстыратын белгісіз адамдар азаматтарға қоңырау шалып, Конституция жобасы бойынша референдумға «дауыс беруге қатысушыларды тіркеп жатыр» деген мазмұнда хабарламалар таралып жатқаны анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жалған ақпаратпен күрес орталығының мәліметінше, дауыс беру процесі де, оған қатысты рәсімдер де азаматтарға қоңырау шалып, SMS-код сұрауды қарастырмайды. Референдумдағы дауыс беру тек учаскелерде қағаз бюллетень арқылы жүзеге асырылады.


Орталық азаматтарды қоңырау шалушыларға жеке деректерін бермеуге және тек орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттарына ғана сенуге шақырды.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!