МАЭК кәсіпорнына 20 автобус берілді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «МАЭК» ЖШС-ға 20 автобустың кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, yutong маркалы көліктер заманауи жабдықтармен қамтылған: кондиционер, қуатты жылыту жүйесі, бейнебақылау камерасы және жайлы орындық. Әр автобустың сыйымдылығы – 39+1 орын. Мамандардың айтуынша, жаңа техника жоғары маневрлігімен және сенімділігімен ерекшеленеді. Жоспар бойынша жаңа автобустар жаңа жылдан бастап тұрақты маршруттарға шығарылады. Көліктер жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.
Аймақ басшысы кәсіпорын қызметкерлерін жаңа техниканың берілуімен құттықтап, оның еңбек өнімділігін арттыруға және қызметкерлердің жайлы әрі қауіпсіз тасымалын қамтамасыз етуге қызмет ететінін атап өтті.