Otpan News Logo

Ақтауда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері қаралды

|
10.12.2025 09:30
Ақтауда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері қаралды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтау әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіптің төрағалығымен қала әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен қалалық Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жиынға комиссия мүшелері, Аналар кеңесінің өкілдері, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері және қалалық “Мансап” орталығының өкілдері қатысқан.

 

Отырыста гендерлік теңдік, отбасы институтын қолдау, әйелдерге қатысты әлеуметтік мәселелер және қоғамдағы өзекті демографиялық үрдістер талқыланды. Қатысушылар Мемлекет басшысының гендерлік теңдік пен отбасылық-демографиялық саясатты дамыту жөніндегі тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, қалада атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығы айтылды.

 

Сондай-ақ жиын барысында Жанұяны қолдау орталығының қызметі, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сонымен қатар әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, ана мен бала өлімін азайту және ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы шаралар бойынша мазмұнды баяндамалар тыңдалды.

 

«Бүгінгі отырыс – отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, демографиялық жағдайды жақсарту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң. Мемлекет басшысы осы бағытта нақты міндеттер қойып отыр, біз бұл тапсырмаларды орындалу деңгейіне қарай тұрақты түрде бақылап, қаламызда жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз. Баяндалған мәселелердің барлығы – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін өзекті бағыттар. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және отбасы институтын нығайтуға үлес қосамыз деп сенемін», - деді Бекзат Жүсіп.

 

Отырыс қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша бірқатар міндеттер белгіленіп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

96
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!