Otpan News Logo

Республикалық ауыл олимпиадасында Маңғыстау оқушылары үздік атанды

|
14.12.2025 10:56
Республикалық ауыл олимпиадасында Маңғыстау оқушылары үздік атанды

Ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру және білім алуда тең мүмкіндіктер қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған олимпиадада Маңғыстау оқушылары топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Білім бәйгесіне Маңғыстау облысы бойынша 28 оқушы қатысып, білімдерін сарапқа салды. Жарыс 9-13 желтоқсан аралығында Астанада өтті. 


Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы білім беретін пәндердің республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша  Ең үздік олимпиадалық команда-2025” атанды. Команда 4 алтын, 6 күміс, 8 қола медальды жеңіп алып, І орынға ие болды. 


Естеріңізге сала кетейік, ауыл олимпиадасының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша оқушыларымыз 9 алтын, 7 күміс, 10 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” атағы мен Бас жүлдені иеленген еді. 

86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!