Otpan News Logo

Ақтауда робототехникадан «Mangystau Regional First Championship 2025» чемпионатының жеңімпаздары анықталды

|
09.12.2025 12:45
Ақтауда робототехникадан «Mangystau Regional First Championship 2025» чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Қоғамдық коммуникация орталығы

Ақтауда «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен робототехникадан «Mangystau Regional First Championship 2025» чемпионаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Чемпионатқа облысқа қарасты аудандық, қалалық және мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушылары, мектепалды даярлық тобының тәрбиленушілері, сонымен бірге Астана, Алматы, Атырау қалаларынан барлығы 110 команда, 500-ге жуық оқушы қатысты. 


- Чемпионат аясында қатысушылар 4 бағыт бойынша жарысты. Атап айтсақ, FLL Discover (4-7 жас), FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас), FIRST Tech Challenge (12-18 жас). «Mangystau Regional First Championship 2025» робототехника чемпионаты жас өрендердің ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырған маңызды алаңға айналды. Әр бағыттағы командалар өздерінің ең үздік идеяларын ұсынып, робот құрастыру, кодтау және инженерлік ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл чемпионат балалар мен жасөспірімдердің STEM саласына қадам басуына, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік берді. Қатысушылар тек жарысып қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасып, шығармашылық әлеуетін дамытты, - деді «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Назира Телбаева.


Чемпионат қорытындысы бойынша робототехникаға қызығушылық танытқан жүздеген жас өрен өз жобаларын ұсынып, білімін, шығармашылығын және инженерлік қабілетін көрсетіп, үздіктер анықталды. Оқушылар еңбегі мен талпынысы нәтижесінде бірнеше команда қаңтар айында өтетін «Batys Regional First Championship 2025» чемпионатына жолдама алса, жас аралық бойынша жеңімпаздар ақпан айында Астана қаласында өтетін Орталық Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. 


FLL Discover 4-7 жас аралығында «Cooperative Creators» номинациясымен облыстық оқушылар сарайының «One click stem» командасы, «Cooperative Creators» номинациясымен Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектептің «Bastau» командасы, «Excellent Explainers» номинациясымен «Alpha Study» жекеменшік оқу орталығының «Alpha» командасы, «Cooperative Creators» номинациясымен «Alpha Study» жекеменшік оқу орталығының«AlphaCH» командасы, «Brilliant Builders» номинациясымен Жаңаөзен қаласы, Оқушылар сарайының «Appazy» командасы, «Brilliant Builders» номинациясымен “Tanym” жекеменшік мектебінің «Little builders» командасы, «Incredible» номинациясымен “Tanym” жекеменшік мектебінің «Innovators Robo kids» командасы, «Enthusiastic Engineers» номинациясымен “Tanym” жекеменшік балабақшасының «Mini makers» командасы, «Incredible Innovators» номинациясымен «Minions» Жаңаөзен қаласы, «Genihub» жекеменшік оқу орталығының командасы жеңіске жетті.


FLL Explore 6-10 жас аралығында «Champion’s Award Winner» номинациясымен Ақтау қаласы, IQ Intellectual School «Galactic IQTech» командасы, «Champion’s Award Finalist» номинациясымен Ақтау қаласы, IQ Intellectual School «IQLab Fixiki» командасы.

Keleshek League бойынша Creative Presentation Award номинациясымен Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектептің «Ocean Explorers» командасы, Brightest Presentation Award номинациясымен Маңғыстау ауданы, №1 жалпы білім беретін мектептің «Lotus» командасы жеңіске жетті. FLL Challenge 10-16 жас аралығында Champion’s Award Winner номинациясымен Ақтау қаласы НЗМ, «RoboArch» командасы, Champion’s Award Finalist номинациясымен Ақтау қаласы НЗМ, «S7 Robotics», Keleshek League: 

Keleshek Champion’s award winner – Ақтау қаласының, №32 жалпы білім беретін мектебінің «S7 Smart Teach 32» командасы жеңіске жетті.

115
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!