Otpan News Logo

Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуаты толықты

|
15.12.2025 12:08
Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуаты толықты

Биыл Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орны пайдалануға берілген. Тасболат кен орнын іске қосу Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуатын толықтыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды otpannews.kz primeminister.kz сілтеме жасап.


Бұл туралы Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын нығайту және газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті.


Ведомство басшысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Президент белгілеп берген стратегиялық приоритет болып қала беретінін атап өтті.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!