«МАЭК» аумағында тәулігіне 12 мың текше метр су тұшытатын қондырғы салынады
МАЭК
Ақтау қаласын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында су өндіру қуатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асып келеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте қала әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Қала әкімінің айтуынша, «Каспий» су тұщыту зауытының екінші кезеңі аяқталып, кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текшеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар, «МАЭК» ЖШС аумағында тәулігіне 6 мың текше метр су өндіретін жаңа тұщыту қондырғысы іске қосылды.
– Үкімет қаулысымен «Каспий» су тұщыту зауытының өнімділігін тәулігіне 100 мың текшеге дейін арттыру және «МАЭК» ЖШС аумағында тәулігіне 12 мың текше метр су тұщыту қондырғысын салу жобалары бекітілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың екінші жартысында басталады. Сондай-ақ, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты тәуекелдерді азайту үшін «МАЭК» ЖШС-нің №2 су жинау каналына жанасатын жаңа су қабылдау каналының құрылысы қолға алынды, – деді Әбілқайыр Байпақов.
101
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев