«Қызылсай» паркінде рейдтік-бақылау жұмыстары жүргізілді
Маңғыстау облысындағы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде рейдтік-бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
«Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Н. Оңаев мемлекеттік инспекторларымен және аңтанушы М. Боранбаевпен бірге жыл басынан бері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды бастап кетті.
Сонымен қатар, «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Д. Айтжанов өзіне қарасты мемлекеттік инспекторлармен және Қарақия аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік-бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Аталған жұмыстар барысында табиғатты қорғау талаптарының сақталуына, заңсыз аңшылық пен құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. .
Осы ретте «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауов атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда рейдтік-бақылау жұмыстарын күшейту - табиғи байлықтарды сақтаудың басты кепілі. Мемлекеттік инспекторлар мен құқық қорғау органдарының бірлескен әрекеті заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, - деді парк басшысы.
Айта кетейік, рейдтік шаралар жыл бойы жоспарға сәйкес жүргізіліп, табиғи кешендерді қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.