Құрықта құқықтық керуен өтті: тұрғындардың сауалына мамандар жауап берді
OTPANNEWS.KZ. - Құрық ауылында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адал қоғам» жобасы бойынша құқықтық-профилактикалық керуен өтті.
Кездесуге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ тиісті сала мамандары қатысып, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелер берді. Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.
Кездесуде тұрғындар мамандарға сұрақтарын тікелей қойып, заңнамадағы өзгерістер, құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша қажетті ақпарат алды.
Айта кетейік, жиын Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.