Otpan News Logo

Маңғыстауда 1 сыныпқа құжат қабылдау 29 маусымда басталады

|
16.06.2026 17:36
Маңғыстауда 1 сыныпқа құжат қабылдау 29 маусымда басталады

Маңғыстау облысында 2026–2027 оқу жылына арналған 1 сыныпқа құжат қабылдау науқаны 29 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаеваның айтуынша, мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Ал баласын басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарын жалпы негізде тапсыруы қажет.


-ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 1-сыныпқа 6 жасқа толған немесе 2026 жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде тапсыруға болады, - деді Клара Құлатаева. 


Баланы мектепке қабылдау үшін ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты, 065/у нысанындағы иммундау паспорты, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет және қажет болған жағдайда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы қажет. 


Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар өздерінің мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Құжаттар толық тапсырылмаған, мерзімі өткен немесе мәліметтері талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш қабылданбайды. Бұдан бөлек, сыныптардың шамадан тыс толуы да бас тартуға негіз болуы мүмкін.


Өтініштерді ата-аналар eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе мектепке қағаз түрінде тапсыра алады. Сондай-ақ мектептердегі өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!