Otpan News Logo

Ақтауда профилактикалық рейд өтті

Ақтауда профилактикалық рейд өтті

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп «Бос жол» профилактикалық рейдін өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында арнайы техниканың, соның ішінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару машиналарының еркін қозғалысына кедергі келтіретін көліктер анықталды.


Рейд барысында көлік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтарға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік шара қолданды.


Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде әр минуттың маңызды екенін ескертеді. Осыған байланысты тұрғындарды аулалар мен кіреберіс жолдарды тұраққа қойылған көліктермен бөгемеуге шақырады.


82
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!