Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап Түркияға жеке куәлікпен бара ала ма — СІМ жауап берді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Сыртқы істер министрлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Түркияға жеке куәлікпен баруға болады деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінде 2027 жылдың басынан бастап Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің азаматтары бір-біріне паспортсыз қатынай алады деген ақпарат тараған. Ол үшін жеке куәлік жеткілікті болатыны жазылған.
Kazinform тілшісі осы ақпаратқа қатысты Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл мәселе ТМҰ аясында талқыланған. Алайда тараптар әзірге ортақ келісімге келген жоқ.
— Қазіргі уақытта ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында бұл бастаманы іске асыруға қатысты ортақ келісім жоқ. Сондықтан 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМҰ елдері азаматтарының жеке куәлікпен өзара қатынауына мүмкіндік беретін тәртіп енгізіледі деген ақпарат расталмайды, — деп хабарлады СІМ.
Жаңа тәртіптің қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.
87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев