Форт-Шевченкода «Адал қоғам» жобасы аясында құқықтық-профилактикалық керуен өтті
OTPANNEWS.KZ. - Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адал қоғам» жобасы бойынша құқықтық-профилактикалық керуен өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шара Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ тиісті сала мамандары қатысты. Аудан тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелер берді.
Жиынның негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.
Кездесуде тұрғындар мамандарға сұрақтарын тікелей қойып, заңнамадағы өзгерістер, құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша қажетті ақпарат алды.