Otpan News Logo

CREATIVE HUB: Ақтау қалалық орталық кітапхана жаңа форматта есік ашты

|
13.12.2025 08:47
CREATIVE HUB: Ақтау қалалық орталық кітапхана жаңа форматта есік ашты

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақтау қалалық орталық кітапханасы толықтай жаңғыртылып, заманауи CREATIVE HUB үлгісінде қайта ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жаңартылған нысан 12 желтоқсан күні салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов және зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.


Іс-шара барысында қала әкімі кітапхана ұжымын маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа орталықтың маңызына тоқталды.


- Осы саланы жүрек қалауымен таңдап, адал еңбек етіп жүрген кітапханашылардың еңбегін жоғары бағалаймыз. Сол тілектің қабыл болғаны болар бүгін, міне, заман талабына сай жаңа, әрі жайлы ғимаратқа қадам басып отырсыздар. Бұл орталық ел игілігіне қызмет ететін мәдени шаңырақ боларына сенемін. Орталық кітапхана қаламыздағы ең сүйікті, тұрғындар бас қосатын маңызды алаңға айналады деп сенемін, – деді қала әкімі.


Жаңғыртылған қалалық орталық кітапхана көпфункционалды инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Мұнда заманауи подкаст студиясы, коворкинг орталығы, балалар мен ересектерге арналған кең, әрі жарық оқу залдары бар. Оқырмандардың шығармашылықпен айналысуына, еркін білім алуы мен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған ашық форматтағы ортақ алаң да қарастырылған.


Кітапхананың кітап қоры – 180 мыңнан асады. Олардың қатарында көркем әдебиет, ғылыми еңбектер, ертегілер, салалық бағыттағы кітаптар, сондай-ақ Ақтау қаласының тарихы мен даму кезеңдерін айғақтайтын құнды еңбектер мен құжаттар кеңінен ұсынылған. Кітапхана қала ішінде орналасқан 8 филиал арқылы 12 мың оқырманға қызмет көрсетеді.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!