Otpan News Logo

Биыл Ұлттық қордан балаларға 130 доллар түседі

|
30.01.2026 10:29
Биыл Ұлттық қордан балаларға 130 доллар түседі
gov.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова “Ұлттық қор - балаларға” жобасы аясында қазақстандық балалардың шоттарына төлем қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Оның айтуынша, 1 ақпан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, қаражатты аудару 30 қаңтарға, жұма күніне жоспарланған. Азаматтар ақшаны шоттарынан 31 қаңтар түстен кейін немесе 1 ақпан күні таңертең көре алады.


Төлем мөлшері қазірдің өзінде белгіленген және әр балаға 130 доллар (қазіргі бағам бойынша 65 мың теңгеден асады) болады.


Биыл – бағдарламаның үшінші жылы. Үш жылда балаларға жалпы шамамен 360 доллар, инвестициялық табысты есептегенде 370 долларға жуық қаражат жиналады.

257
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!