Otpan News Logo

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

|
08.04.2026 20:22
Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны қола жүлде иеленді, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.


82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.


35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.


Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштікке қосылды. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.


Бұған дейін отандық классик балуандардан Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.


Ертең чемпионаттың төртінші күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Сонымен бірге, жарыс жолына тағы 5 балуанымыз шығады.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!