Otpan News Logo

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры: Екінші желі құрылысы қарқын алды

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры: Екінші желі құрылысы қарқын алды

Қазақстанның оңтүстік өңірлерін тұрақты әрі үздіксіз газбен қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісінің құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР энергетика министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл жоба — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, газ тұтыну көлемі жоғары аймақтарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтуға бағытталған аса маңызды инфрақұрылымдық бастама.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында «QazaqGaz» ұлттық компаниясы газ тасымалдау жоспарын артығымен орындап, 13,3 миллиард текше метр газ жеткізді. Қытайға экспорт көлемі де 6 пайызға өсіп, 2,4 миллиард текше метрге жетті. Энергетика министрлігі өткізген жиында компанияның басты жобалары мен алдағы кезеңдегі міндеттері талқыланды. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» жобасы халықты тұрақты газбен қамтамасыз етуде айрықша стратегиялық мәнге ие жоба ретінде көрсетілді.


Магистральді құбыр ел ішіндегі газ жеткізу жүйесінің сенімділігін арттырып қана қоймай, алдағы жылдардағы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етудің нақты қадамдарының бірі болып отыр.

181
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!