Otpan News Logo

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды

|
27.12.2025 12:32
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының әскери қызметшілері жеке құрам балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz әскери бөлімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру қызметінің жетекшісі, 3-сыныпты сержант Нұргүл Таттиғалиеваның жетекшілігімен шаттық пен ғажайыпқа толы жарқын жаңа жылдық ертеңгілік өтті.


Балалар үшін кәсіби аниматорлардың қатысуымен мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Олар көңілді ойындарға, түрлі байқауларға, билер мен интерактивті қойылымдарға белсене қатысты. Мерекенің шарықтау шегі - Аяз атаның келуі болды. Ол жас қонақтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.


Мерекелік ертеңгілікке әскери қызметшілердің 50-ден астам баласы жиналды. Іс-шараның жалғасы Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлері қатысқан театрландырылған қойылыммен өрбіді. Балаларға арналған түрлі байқаулар мен викториналар ұйымдастырылып, олар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.


«Біз жыл сайын дәстүрлі түрде әскери қызметшілердің балаларын Жаңа жылмен құттықтаймыз. Әскери қызметші үшін отбасы — ең басты құндылық. Балаларға ерекше көңіл бөлуге тырысамыз, өйткені олар - біздің болашағымыз», - деді материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру қызметінің жетекшісі, 3-сыныпты сержант Нұргүл Таттиғалиева.
120
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!