Otpan News Logo

Анар Шамшадинова: Жаңа Конституция адам құқықтары мен мемлекеттік құндылықтардың кепілі

|
03.02.2026 10:17
Анар Шамшадинова: Жаңа Конституция адам құқықтары мен мемлекеттік құндылықтардың кепілі

Ақын, «Ақпарат саласының үздігі» Анар Шамшадинова еліміздің жаңартылған негізгі заңына қатысты өз ойын білдіріп, құжаттың мемлекеттік құрылымдағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам капиталын мемлекеттің ең жоғары байлығы ретінде тануында, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Анар Шамшадинованың айтуынша, құжаттың преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет негізгі ұстаным ретінде көрсетілгенін, бұл қағиданың Ата Заңның бүкіл мазмұнына арқау болғанын ерекше атап өтті. 


“Сөз бостандығы, шығармашылық еркіндік және әйелдер мен балаларды қорғауға да бұл құжатта өте үлкен мән берілген. Әйелдер мен балалардың құқықтары қорғау тетіктері күшейтілген. Яғни, неке ер мен әйелдің ортақ одағы ретінде қарастырылады. Менің ойымша, адам капиталының мемлекеттің басты байлығы ретінде көрініс табуы – бұл жаңа Конституцияның ұтымды тұсы. 6 ай уақыт ішінде өңірлерден, қоғам белсенділерінен, сарапшылар мен ғалымдардан келген түрлі ұсыныстарды, олардың ой-пікірлерін есепке ала отыра жазылған құжат – мемлекетіміздің басты құжаты болуға лайық деп ойлаймын”,- деп бөлісті Анар Шамшадинова.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!