Ақтауда жүгіруден марафон өтеді
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – 11 қазан күні Ақтауда ауқымды спорттық шара – Caspian Marathon өтеді. Жарысқа қатысушылар бірнеше қашықтық бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда, 5 км, 10 км, 21,1 км және 42,2 км.
Спорттық шара 15 шағынаудандағы жағалауда, амфитеатр маңында ұйымдастырылады. Марафон сағат 06:00-де ашылып, 06:30-да жарыстың салтанатты ашылуы өтеді. Сағат 06:45-те қатысушылар үшін жалпы дене шынықтыру жаттығулары жасалады.
«Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сағат 11:00-ге жоспарланған. Финиш аймағы 13:00-де, ал марафон қалашығы 15:00-де жабылады. Қатысушыларға жарыс бағдарламасымен алдын ала танысып, стартқа уақытында келуді сұраймыз. Әр қашықтық бойынша сөре уақыты белгіленген кестеге сәйкес қатаң сақталады»,- дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Caspian Marathon Ақтаудағы бұқаралық спортты дамытуға және қала тұрғындарын салауатты өмір салтына тартуға бағытталған спорттық шаралардың бірі.
97
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев