Otpan News Logo

Ақтауда спорт саласы қызметкерлеріне Жаңа Конституция талаптары түсіндірілді

|
04.02.2026 11:00
Ақтауда спорт саласы қызметкерлеріне Жаңа Конституция талаптары түсіндірілді

Ақтауда ҚР Жаңа Конституциясының заңнамалық негіздерін түсіндіру мақсатында спорт саласы мекемелерінің басшылары мен қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараның басты мақсаты — ҚР Жаңа Конституциясының заңнамалық негіздерін түсіндіру және адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы кеңінен мәлімет беруге бағытталған. 


Аталған басқосуда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Аслан Кужиев Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын атап өтіп, спорт саласында еңбек ететін қызметкерлердің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері мен заң алдындағы жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтірді. Ол заң талаптарын сақтау әрбір мекеме үшін тұрақты әрі ашық жұмыс істеудің негізгі шарты екенін жеткізді.


Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына «Саламатты Ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлзира Бүркітқызы Есетова мен «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Шахзадақызы Маханбетова да белсенді қатысып, азаматтық қоғам институттарының Конституция талаптарын насихаттаудағы рөліне тоқталды. Олар құқықтық мәдениетті арттыру мен қоғамдық бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. 


Спикерлер спорт саласындағы ұйымдарда адам құқықтарын сақтау, еңбек қатынастарының заң аясында жүргізілуі және қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етілуі жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, практикалық ұсыныстар айтылды.


Іс-шара қорытындысында Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Мангубаев басқосуыдың маңызына атап өтті. 


«Жаңа Конституция талаптарын түсіндіру - спорт саласы үшін аса маңызды. Мұндай кездесулер мекемелердегі құқықтық сауаттылықты арттырып, қызметкерлердің заңға деген сенімін күшейтеді. Бұл өз кезегінде саланың жүйелі дамуына оң әсер етеді деп ойлаймын», - деді ол.
252
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!