Otpan News Logo

Үкімет Ақтау қаласының аумағын төрт еседен астам ұлғайтуға келісім берді

|
28.04.2026 16:55
Үкімет Ақтау қаласының аумағын төрт еседен астам ұлғайтуға келісім берді

Ақтау қаласының аумағы айтарлықтай кеңейетін болды. Бұған дейін қаланың жер көлемі 29 849 гектарды құраса, енді ол 124 491,2062 гектарға дейін ұлғаяды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №310 қаулысы «Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» 2026 жылғы 8 мамырдан бастап күшіне енеді.

 

Қаулы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес қабылданған.

 

Құжатқа сәйкес, Үкімет Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы №26/309 бірлескен шешіміне және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы №28 қаулысына келісім берді.

 

Осы шешім негізінде Маңғыстау облысы жерінің бір бөлігі – жалпы аумағы 94 642,2062 гектар жер Ақтау қаласының шекарасына енгізіледі.

 

Нәтижесінде Ақтау қаласының аумағы төрт еседен астам ұлғайып, өңірдің урбанистік, инфрақұрылымдық және инвестициялық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

 

91
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!