Otpan News Logo

Ақтауда “Ауыл” партиясы мен мектеп оқушылары Конституцияның жаңа жобасын талқылады

|
04.02.2026 16:27
Ақтауда “Ауыл” партиясы мен мектеп оқушылары Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Ақтауда «Ауыл» партиясы мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары жаңа Конституция жобасының негізгі тұстары мен конституциялық реформа мәселелері бойынша саяси кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Партия төрағасы және облыстық мәслихат депутаты Қуанышбай Озгамбаев бастаған бүгінгі жиынға қаладағы Саламат Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп оқушылары да қатысты. 


“Бүгінгі отырыс – ел болашағына тікелей әсер ететін жиындардың бірі. Партиямызда 3000-нан астам мүше бар, оның 40%-ы – жастар. Қай салада да жастарды тарту – өзекті мәселе. Бүгінгі отырысқа жастардың қатысуы қуантарлық көрсеткіш”,- деді Қуанышбай Озгамбаев. 


“Ауыл” партиясы ұйымдастырған саяси кеңес отырысына мектеп оқушыларын қатыстырған партия мүшесі, ұстаз – Мерует Сүтбайқызы. Оның айтуынша, оқушыларды осындай отырыстарға қатыстырып, қоғамдағы белсенділігін арттыру – жастардың тұлғалық дамуында үлкен рөл атқарады. 


“Мектебімізде “Дублер” атты жоба бар. Мақсаты – оқушыларды қоғам өміріне араластырып, болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету. Биылғы оқу жылында басталған жоба аясында оқушылар өздерін әртүрлі маман ретінде сынап көрді. Бүгін 2 оқушым партия депутаты ретінде өзекті тақырыпта сөз сөйледі”,- деді ұстаз Меруерт Сүтбайқызы. 


Отырыста партия мүшесі өңірлерді қазақыландыру, тіл, жер және неке тақырыптарында ойларын ортаға салды. 


“Жаңа Конституция жобасында көрсетілген неке бөлімі – өте өзекті тақырыптардың бірі. Ер мен әйел арасындағы одақ, ұлттық құндылық, отбасы институты – егіз ұғымдар. Конституциядағы өзгеріс – жаңа Қазақстанның бастамасы болары анық”,- деді “Ауыл” партиясы төрағалар кеңесінің мүшесі Шаңырақ Ермекбайұлы.
191
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!