Ақтауда 3 жерде суға түсуге тыйым салынған
Маңғыстау облысы мәслихатының «Маңғыстау облысындағы ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешіміне сәйкес, облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 10 орын бар, - деп хабарлайды otpannews.kz.
Ал Ақтауда 4а шағын ауданында орналасқан «Caspian Rivera» қонақ үйінен бастап 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағында, «Шора», «МАЭК» ЖШС арнасының жағалауында шомылуға тыйым салынған.
Приморский шағын ауданындағы «Солдатский» жағажайында, 4а шағын ауданындағы «Бриз» яхт-клубының оң, сол жағажайында, 7а шағын ауданындағы «Шевченко» тұрғын үй кешенінен 10 метр жердегі жағажайда шомылуға рұқсат берілген.
Бұдан бөлек қала аумағында 21 ақылы жағажай тіркелген.