Еліміздің болашақ дамуына негіз болатын маңызды құжат
Жаңа Конституция – еліміздің болашақ дамуына негіз болатын маңызды құжат. Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындауға бағытталуы тиіс.
Студент ретінде мені, ең алдымен, білім беру, ғылымды дамыту, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және олардың қоғам өміріне белсенді араласуы мәселелері қызықтырады. Себебі бүгінгі студент – ертеңгі маман, елдің дамуына үлес қосатын азамат.
Жаңа Конституцияда белгіленген құндылықтар мен қағидаттар әрбір азаматтың өмірінен көрініс тапса деймін. Әсіресе, заң үстемдігі, әділдік, жауапкершілік және тең мүмкіндік қағидаларының сақталуы маңызды. Біз, жастар, еліміздің болашағына бейжай қарамай, болып жатқан өзгерістерге түсіністікпен қарап, азаматтық ұстанымымызды қалыптастыруымыз керек деп есептеймін.
Ұлжан Абзалқызы,
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті