Otpan News Logo

Ақтауда 11 қазандық қысқа дайын ба? Әкім тексерді

|
08.10.2026 10:22
Ақтауда 11 қазандық қысқа дайын ба? Әкім тексерді

OTPANNEWS.KZ. - 7 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында қала аумағындағы бірқатар жылу қазандықтарының техникалық жай-күйімен танысты. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қазіргі таңда қала аумағында жалпы 11 жылу қазандығы бар. Оның 7-еуі «Ақтау тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгерімінде. Аталған қазандықтардың барлығы жылыту маусымын тұрақты өткізуге толық дайын. Қалған 4 қазандыққа кәсіпорын келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді.



Бұған дейін қазандықтарда кешенді ревизия жұмыстары жүргізіліп, негізгі жабдықтар – су сорғылары, қосалқы генераторлар мен басқару жүйелерінің техникалық жағдайы толық тексерілді. Электр энергиясы уақытша ажыратылған жағдайда да қазандықтардың жұмысын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік қарастырылған. Бұл тұрғын үйлердің үздіксіз жылумен қамтылуына мүмкіндік береді.


Қала әкімі Мақсат Мұқаш қазандықтардың техникалық дайындығына оң баға беріп, жауапты мекемелерге жылыту маусымы кезінде нысандардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!