Ақтау қаласының әкімі көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
AҚТАУ.OTPANNEWS - Барлығы 8 ана марапатталып, оның ішінде 3 анаға «Алтын алқа», 5 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.
Қала әкімі марапат иелерін құттықтап, отбасы құндылықтарын сақтауда, ұрпақ тәрбиесінде аналардың еңбегі айрықша екенін атап өтті.
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Сіздер – отбасының берекесін ұйытып, ұлттың ұрпағын тәрбиелеп отырған ардақты жандарсыздар. Еңбектеріңіз әрдайым елдің құрметіне лайық. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт және қажымас қайрат тілеймін. Марапаттарыңыз құтты болсын», – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.
Өз кезегінде алтын құрсақты аналар көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдірді.
110
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев