Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды

Нұргүл Алясова
|
15.07.2025 19:07
Ақтау қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ерғали Скендиров тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Скендиров Ерғали Сисенғалиұлы 1983 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Астана қаласы «Тұран - Астана» университетінде заңгер мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын аяқтаған. 


Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласы «Резерв» Мемлекеттік Республикалық мекемесінің іс жүргізуші-заңгері эксплуатация бөлімінің басшысы және «Автоматика» филиалы мекемесінің эксплуатация бөлімінің басшысы болып бастаған.


2009-2014 жылдар аралығында Ақтау қаласы «Нұр-Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгер-консультанты және ұйымдастырушы-бақылау бөлімінің партиялық бақылау жөніндегі инспекторы болды.


2015-2020 жылдары «Өмірзақ ауылы әкімі аппараты ММ-нің инспекторы, ауыл әкімінің орынбасары лазауымдарын атқарды.


2020-2021 жылдар аралығында Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлім басшысы


2021-2022 жыл: Каспий «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңесші қызметін атқарды


2022-2023 жылдары Бозашы Транс Құрылыс ЖШС-нің әлеуметтік сала бойынша қызметін атқарды. 


2023-2025 Ақтау қалалық сайлау коммисиясының төрағасы


Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы инвестициялық саясат және индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!