Otpan News Logo

Ақтау – Бейнеу автожолында автобус аударылды

|
16.01.2026 09:47
Ақтау – Бейнеу автожолында автобус аударылды
ашық дереккөз

16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіндегі кюветке аударылған. Көлік салонында жолаушылар болған.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.


Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады.


Жол қозғалысы ережелерін кез келген, тіпті болмашы түрде бұзу орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.

113
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!