«Жасыл ел» жастар отряды: Ақтауда бірінші еңбек маусымы қорытындыланды
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының бірінші еңбек маусымының жабылуы мен екінші еңбек маусымының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Іс-шара барысында Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Заңғар Оразай бірінші еңбек маусымының қатысушыларына қаланы көркейту мен көгалдандыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Отрядтың ең белсенді сарбаздарына Ақтау қаласы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Екінші еңбек маусымының қатысушыларына Заңғар Оразай сәттілік тілеп, Ақтаудың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Салтанатты іс-шара жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.