«Каспий жылу, су арнасы» МКК-дағы инфрақұрылымдық жобаға жүргізілген аудит нәтижелері
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» МКК-да Ақтау қаласында Тұщыландыру зауытанан 4-ОСЖТ-ге дейін сорғы станциясын және сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстарын қатысты жүргізілген аудит нәтижелері туралы ақпарат.
Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 28.10.2022 жылғы №1 демеушілік келісіммен Ақтау қаласында Тұщыландыру зауытанан 4-ОСЖТ-ге дейін сорғы станциясын және сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстарының орындалысына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Тексеру барысында Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» МКК-мен жасалған 28.10.2022 жылғы №1 демеушілік келісімінің орындалуы, сондай-ақ орындалған жұмыстардың көлемі сметалық құжаттамаға сәйкестігі тексеріліп, нәтижесінде жалпы сомасы 212 096,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 150 011,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 62 084,5 мың теңге.
Аудит қорытындысы бойнша Кәспорын қаражатын жұмсауда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 22-тармағының, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағының және мемлекеттік сатып алу шартының 4.1-тармағының, сондай-ақ Еңбек кодексінің 10-бабының 1-тармағы, 79-бабының 1-тармағының 2-тармағы, 103-бабының 1-тармағының талаптары сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда:
Жүргізілген бақылау тексеру барысында сметалық құжаттамада көзделген жұмыстар 139 813,2 мың теңгеге толық көлемде орындамаған жұмыстары анықталды.
Сонымен қатар, 04.11.2022 жылғы №2 шарт бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыруға 62 084,5 мың теңге сомасына мемлекетік сатып алу веб-порталын пайдаланбай және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданбай шарт жасасқаны анықталды.
Бұдан басқа, төлем тапсырмаларымен өткен еңбек ақы төлемдері туралы мәліметтерге сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорын тарапынан Кәсіпорында мүлдем жұмыс жасамаған 10 жеке тұлғалардың жеке карт шоттарына жалпы сомасы 10 198,5 мың теңге негіссіз төленгені анықталып, арыз иелерінің арыздарында көрсетілген кемшіліктер өз дәлелін тапты.
Анықталған заңбұзушылықтар мен толыққанды орындалмаған жұмыстарға байланысты Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» МКК-на бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, нұсқамаланы тиiсiнше орындамағаны үшін Кәсіпорын директорының м.а. С.Жалғасбайға 02.06.2026 жылғы №264700720000172 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталып, сот шешіміне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 19.03.2018 жылғы «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қағидаларын бекіту туралы» №392 санды бұйрығының 122-1-тармағына сәйкес, Департаменттің 27.04.2026 жылғы №61 аудиторлық есебін процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысының прокуратурасына жолдады.
Э. Мамерзаева
сәйкестік аудиті бөлімінің
бас маманы - мемлекеттік аудиторы