Otpan News Logo

Қаржылық есептілік аудиті: анықталған бұзушылықтар жойылып, ұсынымдар енгізілді

|
30.06.2026 14:25
Қаржылық есептілік аудиті: анықталған бұзушылықтар жойылып, ұсынымдар енгізілді

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) тұрақты негізде Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бекіткен тізбеге сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүзеге асырады.


Аудит шеңберінде мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің дұрыстығына, негізділігіне бағалау жүргізіледі;


Департамент «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы қаржылық есептілік аудитін аяқтады.


Жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 380,0 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталып, аудиторлық іс-шара барысында қалпына келтірілді.


Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында Департамент келесі бағыттар бойынша ұсыныстар енгізді:

  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, өнім берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті субъектілердің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпаратты қалыптастыру;
  • шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ шаруашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және олардың орындылығын бақылау үшін қаржылық есептіліктің ішкі және сыртқы пайдаланушыларын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде хронологиялық тізбектілікте көрсетіледі және бухгалтерлік есептің тиісті шоттары бойынша топтастыруды;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен сәйкес іске асыруды;
  • алдағы уақытта осы тектес анықталған бұзушылықтарды болдырмауды және қатаң бақылауға алуды;
  • анықталған бұзушылықтар бойынша техникалық оқу жүргізуді.

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) тұрақты негізде Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бекіткен тізбеге сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүзеге асырады.


Аудит шеңберінде мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің дұрыстығына, негізділігіне бағалау жүргізіледі;


Департамент «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы қаржылық есептілік аудитін аяқтады.


Жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 17 755,60 мың теңгеге қаржылық есептілікті жүргізуде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- рәсімдік бұзушылықтар – 222,1 мың теңге;

- қаржылық бұзушылықтар - 17 553,5 мың теңге.


Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында Департамент келесі бағыттар бойынша ұсыныстар енгізді:

  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, өнім берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті субъектілердің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпаратты қалыптастыру;
  • шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ шаруашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және олардың орындылығын бақылау үшін қаржылық есептіліктің ішкі және сыртқы пайдаланушыларын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде хронологиялық тізбектілікте көрсетіледі және бухгалтерлік есептің тиісті шоттары бойынша топтастыруды;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен сәйкес іске асыруды;
  • алдағы уақытта осы тектес анықталған бұзушылықтарды болдырмауды және қатаң бақылауға алуды;
  • анықталған бұзушылықтар бойынша техникалық оқу жүргізуді


Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 17 451,0 мың теңге мөлшеріндегі қаражатты есепке алу бойынша көрсету қалпына келтірілді.


Шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету шеңберінде бюджетке жалпы сомасы 222,1 мың теңге (3%) қаражат қайтарылды және мекеме тарапынан 82,5 мың теңге қызметкерге жол жүру шығыстары бойынша негізсіз төленген қаражат бюджетке қайтарылды.


58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!