Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарған Ерлан Қарин жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.
40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев