Otpan News Logo

2026 жылдың 2-тоқсанына арналған камералдық бақылау нәтижесі бойынша қорытынды

|
30.06.2026 11:39
2026 жылдың 2-тоқсанына арналған камералдық бақылау нәтижесі бойынша қорытынды

2026 жылғы 1 қаңтардан 19 маусымға дейінгі кезеңде камералдық бақылау бойынша 15 748 мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды, жалпы сомасы 290,1 млрд. камералдық бақылау нәтижелері бойынша 1638 хабарламалар жіберілді, оның ішінде:


- бірінші бағыт бойынша – конкурстық құжаттаманың заңдылығы бойынша – 524 хабарлама;

- екінші бағыт бойынша – конкурстық құжаттаманы талқылау тәртібінің заңдылығы бойынша – 34 хабарлама;

- бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы бойынша жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша – бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды таңдаудың заңдылығы туралы – 699 хабарлама;

- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаунәтижелері бойынша – 383 хабарламалар жолданды.


1638 хабарламаның 1607 хабарламасы камералық бақылау объектілерімен орындалды.

31 хабарлама бойынша орындау мерзімі өткен жоқ.


«Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-де мемлекеттік сатып алуды жүргізудегі анықталған бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірінші бағыт бойынша (конкурстық құжаттаманың заңдылығы үшін) ашық конкурс тәсілімен жарияланған №17122923-1 санды «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектеп" КММ үшін жөндеу жұмыстары» мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізілді. Ұйымдастырушы «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі. сомасы 55 334 238теңге.


Жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша №18 тәуекел профиліне жататын бұзушылық анықталды, яғни ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуда дұрыс емес демпингтік көрсеткішті белгілегені анықталды.


Осыған байланысты, 2026 жылдың 5маусымында сатып алудан бас тарту туралы өтінішпен бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді. Бұзушылықты ұйымдастырушы 2025 жылдың 8маусымында жойды.


Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы "Коммуналдық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында мемлекеттік сатып алуды жүргізудегі анықталған бұзушылықтар


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті,Ұйымдастырушысы Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы "Коммуналдық қызмет" ШЖҚ МКК болып табылатын ашық конкурс тәсілімен №16438725-1 "Кран-манипуляторы бар борттық жүк көлігі және АГП (автогидравликалық көтергіш) сатып алу"сомасы 40 000 000 теңге мемлекеттік сатып алуына камералдық бақылау жүргізді. (құжаттаманы орналастыру тәртібінің заңдылығы тұрғысынан)


Жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша № 1, 5 тәуекел бейініне жататын бұзушылықтар анықталды, яғни ұйымдастырушы жеке әлеуетті өнім берушіні анықтайтын сипаттамаларды көрсетіп белгілегені және орындау мерзімін алпыс күнтізбелік күннен кем етіп белгілегеніанықталды.


Осыған орай, 2026 жылы 2 наурызда мемлекеттік сатып алуды тоқтату туралы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді. Бұзушылықты ұйымдастырушы 2026 жылдың 2наурызында жойды.


Кендірлі" тұщыландыру зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алуды жүргізудегі анықталған бұзушылықтар


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Ұйымдастырушысы Кендірлі" тұщыландыру зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен №16654934-1 "Жауын-шашынның түсуіне жол бермеу үшін баяулатқыш сатып алу "сомасы 21 000 000 теңге мемлекеттік сатып алуына камералдық бақылау жүргізді. (құжаттаманы орналастыру тәртібінің заңдылығы тұрғысынан)


Жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша № 13 тәуекел бейініне жататын бұзушылықтар анықталды, яғни ұйымдастырушы жеке әлеуетті өнім берушіні анықтайтын сипаттамаларды көрсетіп белгілегені анықталды.


Осыған орай, 2026 жылы 30 наурызда мемлекеттік сатып алуды тоқтату туралы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді.


Бұзушылықты ұйымдастырушы 2026 жылдың 31 наурызында жойды.

16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!