Otpan News Logo

Ақтауда өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер күшейтілді

Ақтауда өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер күшейтілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері рұқсат етілмеген орындарда от жағудың, ашық отта тамақ әзірлеудің және қоқыс өртеудің алдын алуға бағытталған профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Рейд барысында мамандар тұрғындармен және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Олар ашық отты тек арнайы жабдықталған орындарда ғана жағуға болатынын атап өтті. Бұл талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336 және 410-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері 5-тен 500 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді.


«Жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабы бойынша екі жеке тұлға мен екі кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 410-бап бойынша бес азаматқа ресми ескерту берілді», – деді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Мақсат Шапхатов.
57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!