Otpan News Logo

Жас ұстаздар сайлауға ұлттық киіммен келді

|
29.11.2026 19:53
Жас ұстаздар сайлауға ұлттық киіммен келді

Бейнеу ауданындағы №133 сайлау учаскесінде Сыңғырлау мектебінің жас ұстаздары ұлттық нақыштағы киіммен келіп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасады.


Ұлттық киім – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени болмысын айшықтайтын құндылық. Жас ұстаздардың сайлау күні ұлттық киім үлгісін таңдауы ұлттық мұраға деген құрметті көрсетіп, сайлау учаскесіне ерекше сән берді.


Айта кетейік, сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалған.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!