Otpan News Logo

«Сайлау — болашаққа жасалған нақты қадам»: Маңғыстау ботаникалық бағының басшысы Ақжүніс Алтайқызы өз таңдауын жасады

|
29.11.2026 19:26
«Сайлау — болашаққа жасалған нақты қадам»: Маңғыстау ботаникалық бағының басшысы Ақжүніс Алтайқызы өз таңдауын жасады

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқан — мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Маңғыстау эксперименталды ботаникалық бағының басшысы Ақжүніс Алтайқызы дауыс беріп, азаматтық белсенділік танытты.


Сайлау учаскесіне келген басшы өңірдің өркендеуі мен туған жердің табиғатын, экологиясын жақсарту жолында әрбір дауыстың маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгінгі сайлау — туған өлкеміздің ертеңіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мәслихат депутаттары — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Біздің өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, көгалдандыру және жасыл желекті көбейту сияқты өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өкілді органның рөлі ерекше. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, өңірдің дамуына өз үлесін қосуы тиіс деп санаймын. Мен де өз дауысымды Маңғыстаудың жарқын болашағы мен жасыл өлкеге айналуы үшін бердім», — деді Ақжүніс Алтайқызы.
10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!