Otpan News Logo

Жаңаөзендік мұнайшылар референдумда дауыс береді

|
23.02.2026 16:30
Жаңаөзендік мұнайшылар референдумда дауыс береді

Жаңаөзен қаласында қалалық коалиция мүшелері №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара 15 наурыз күні өтетін Халықтық Конституцияға байланысты республикалық референдум аясында ұйымдастырылды.


Кездесудің басты мақсаты - референдумның маңыздылығын кеңінен түсіндіру, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын таныстыру және қала тұрғындарын алдағы саяси науқанға белсенді қатысуға шақыру болды.


Жиын барысында Конституцияның ел өміріндегі айрықша маңызы сөз болып, жаңа құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына басымдық берілгені айтылды.


Сондай-ақ, мұнайшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар алдағы референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

280
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!