Жаңа Конституция туризмді дамытып, елдің халықаралық беделін арттырады
Маңғыстау - тарихи-мәдени мұраларға, табиғи көрікті жерлерге бай өлке. Гид-аудармашы ретінде өңірімізге келген туристерге өлкеміздің тарихын, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін таныстыруға үлес қосып келемін. Туризмнің дамуы елдің мәдени мұрасын кеңінен танытуға, шетелдік қонақтардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Конституция - мемлекетіміздің құқықтық негізі. Ал заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы және қоғамдағы тұрақтылық туризм саласының дамуы үшін де маңызды. Себебі туристер үшін елдің қауіпсіздігі, қолайлы жағдайы мен мәдени ерекшеліктері үлкен рөл атқарады.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымыз бен тарихи мұрамызды сақтау, мемлекеттік тілімізді құрметтеу - баршамызға ортақ міндет. Маңғыстаудың бірегей табиғатын, киелі орындарын және бай мәдениетін шетелдік қонақтарға таныстыру арқылы еліміздің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыра аламыз. Сондықтан елдің тұрақты дамуы мен ұлттық мұраны қорғауға бағытталған бастамалар туризм саласы үшін де маңызды деп есептеймін.
Гауһар Есіркепова,
гид-аудармашы