Otpan News Logo

Жаңаөзендік дәрігерлер референдумға барады

|
23.02.2026 10:44
Жаңаөзендік дәрігерлер референдумға барады

Жаңаөзен қаласы қалалық коалиция мүшелері көпбейінді аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.


«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» тақырыбында өткен кездесуде қалалық коалиция төрағасы Т. Мусаев медицина қызметкерлерін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор денсаулық, отбастарына амандық тіледі. Сонымен қатар, 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.


Коалиция мүшесі Ғ. Байжанов 2026 жылғы жаңа Халықтық Конституция қоғамда оң өзгерістерге жол ашады деген сенімін білдірді. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында бюджеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылған, соның ішінде медицина қызметкерлерінің де құқықтары қамтылған.


Кездесу барысында И. Калдаманов Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бергі қолданыстағы Конституцияға және ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасына шолу жасады.


Сөз алған Ж. Мұханбетқалиқызы, А. Магни және Ә. Әли медицина қызметкерлерін 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.


Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция – заман талабы және елдің тұрақты дамуының негізі екенін атап өтті.

288
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!