Otpan News Logo

Жаңаөзенде Орталық қалалық кітапхананың құрылысы жүріп жатыр

|
09.10.2026 10:45
Жаңаөзенде Орталық қалалық кітапхананың құрылысы жүріп жатыр
kmg.kz

OTPANNEWS.KZ. - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласында салынып жатқан Орталық қалалық кітапхананың құрылыс алаңына барды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.


Кітапхана «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Samruk-Kazyna Trust қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Заманауи ғимараттың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрге жуық және 100 мыңға дейін кітап қорын сақтауға есептелген.


Мұнда 80 орындық оқу залы, жеке және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін коворкинг аймағы мен конференция залы болады. Сондай-ақ кітап қорын жинау, өңдеу және цифрландыру бөлімдері қарастырылған.


Қазіргі уақытта нысанды ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар аяқталуға жақын.


Жаңа кітапхана жаңаөзендіктер үшін кітап оқып, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи мәдени-ағарту орынға айналмақ.


Жоба Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!