Айдос Тастаев: «Конституция - Қазақстанның берік негізі»
Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының директоры Айдос Тастаев Ата Заң мен оның жаңаруы әділетті қоғам құру жолындағы тарихи қадам дейді.
«Еліміздің болашағы - әрқайсымыздың жауапкершілігімізде. Біздің еліміздің Конституциясы әділетті қоғам құруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған», - деді Айдос Тастаев.
Мәдениет саласының маманы заң үстемдігі мен ұлттық руханияттың байланысына, өнер ұжымының бұл процестегі рөліне тоқталды.
«Театр тек өнер ордасы ғана емес, ұлттық руханият пен мәдениеттің алтын бесігі. Біз сахна арқылы елдік мұратты, адамгершілік құндылықтарды, бірлік пен жауапкершілікті дәріптеуді өз міндетіміз деп білеміз. Жаңару әр адамнан басталады. Заңды құрметтеу, елге адал қызмет ету, мәдениетімізді дамыту - баршамызға ортақ парыз», - деді Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының директоры Айдос Тастаев.