Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті
OTPANNEWS.KZ - №31 ЖББМ базасында «Келешек мектептері» оқушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирінің аймақтық іріктеу кезеңіне аудан, қала бойынша 9 командадан, 36 оқушы қатысты.
Турнирдің негізгі мақсаты – «Келешек мектептері» оқушылары үшін бірыңғай ұлттық шахмат алаңын қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттерін, стратегиялық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында шахматты кеңінен насихаттау.
Турнирдің ашылуында Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы директорының орынбасары Али Қабаков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыста №31 жалпы білім беретін мектептің директоры Ескендір Кумбаев және турнирдің бас төрешісі, Маңғыстау облысы Шахмат федерациясының бапкері Капаров Азамат тілектерін білдірді.
Үздіктер қатарында:
I орынды – Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектебі;
II орынды– Ақтау қаласы, №35 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебі бар.
Аймақтық кезеңнің жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық ұлттық финалда Ақтау қаласының №31 жалпы білім беретін мектеп командасы Маңғыстау облысының намысын қорғайды.